Басты бет
  • KZ
  • RU
  • EN

Есепті жүктеу

  • Басты бет
  • Негізгі өндірістік сипаттамалар
  • 2023 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері
  • Директорлар кеңесі Төрағасының үндеуі
  • Басқарма төрағасының үндеуі
  • Корпорация туралы
  • Бизнес-модель
  • 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындылары
  • Қаржы-экономикалық көрсеткіштер
  • 2024 жылы қондырғыларды қайта құру және жаңғырту бойынша жоспарлар
  • Корпоративтік басқару
  • Акционерлік капитал құрылымы
  • Директорлар кеңесінің құрамы
  • Ішкі бақылау және аудит
  • Тәуекел-менеджмент және тұрақты даму
  • Адам ресурстарын дамыту
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
  • Байланыс ақпараты
  • KZ
  • RU
  • EN

Үздік
энергетиктер осында
жұмыс істейді

Жылдық есеп2023

Негізгі өндірістік сипаттамалар

«ОАЭК» АҚ жиынтық орнатылған электр қуаты

1 318 МВт

құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Корпорация Қазақстанның жеке энергия өндіретін компанияларының ішінде көшбасшылардың бірі болып табылады.

Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 48,4 мың км

48,4 мың. км,

жылу желілері бойынша

987,01 км,

2 949 Гкал/с

Корпорацияның жиынтық орнатылған жылу қуаты

Өндірістік активтер

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ (Павлодар, Екібастұз қалаларына, Павлодар облысына қызмет көрсетеді)

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (Петропавл қаласына, Солтүстік Қазақстан облысына қызмет көрсетеді)

«Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ (Ақмола облысына қызмет көрсетеді)

«ЦАТЭК Green Energy» ЖШС

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» және «СЕВКАЗЭНЕРГО» топтарының кәсіпорындары энергиямен қамтудың барлық сатысында: жылу және электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату, өткізуде қызмет көрсетеді.

«Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ Ақмола өңірінде электр энергиясын тасымалдау, тарату және өткізу қызметтерін көрсетеді.

«ОАЭК» АҚ-да дәстүрлі көмірлі энергетика, сонымен қатар балама энергетика да дамып келеді.

Толығырақ

2023 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері

Энергияны өндіру және өткізу көлемі

Өндіріс

Электр энергиясы

2021

6521,05 Млн кВт·с

2022

5386,90 Млн кВт·с

2023

5917,90 Млн кВт·с

Жылу энергиясы

2021

6565,60 мың Гкал

2022

6253,70 мың Гкал

2023

5853,30 мың Гкал

Тауарлы босату

Электр энергиясы

2021

6622,88 Млн кВт·с

2022

5168,71 Млн кВт·с

2023

6710,30 Млн кВт·с

Жылу энергиясы

2021

9966,78 мың Гкал

2022

5546,07 мың Гкал

2023

5200,15 мың Гкал

Таза пайда, млн теңге

Бір жылғы пайда (шығын), млн теңге

EBITDA, айырма, %

Толығырақ

Директорлар кеңесі Төрағасының үндеуі

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясының активтері Қазақстан энергожүйесінде маңызды рөл ойнайды.

«ОАЭК» АҚ құрылғаннан бергі 15 жыл ішінде орнатылған қуаттылықты арттыру, электр және жылу энергиясын өндірудегі шығарындыларды оңтайландыру, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді енгізу бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Бұл деректер Корпорацияның тұрақты дамудағы жаһандық трендтерге: көміртегі іздерін азайту күн тәртібіне, өндірісті жүйелі жүргізу мен әлеуметтік жауапкершілікке адалдығын көрсетеді.

2023 жылы өндіріс көлемін арттыруға, жылу және электр энергиясын тасымалдау кезіндегі шығындарды азайтуға, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған қондырғыларды бұрын-соңды болмаған көлемде қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Корпорация жасыл энергетиканы дамытумен қатар, дәстүрлі энергетиканың экологиялық құрамдас бөліктерін жақсартуға көңіл бөледі, бұл төмен көміртекті даму көрсеткіштері бойынша оның позициясын нығайтады және елдің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Бұл жобаларды кәсіби, ынталы команда болған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады, ал «ОАЭК» тобында мұндай команда бүгінде 10 мыңға жуық қызметкерден тұрады. Бұл үлкен ұжымның 2023 жылғы қызметінің нәтижелері осы құжатта берілген.

Кәсіби ұжымның арқасында «ОАЭК» АҚ-нда әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің сенімді деңгейіне ие жоғары технологиялық энергетикалық компанияның әлеуеті бар.

Осы орайда компанияның алға жоспарлаған жобаларына сәттілік тілеймін! «ОАЭК» АҚ тобының барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ серіктестер мен достарға денсаулық, амандық және үлкен жеңістер тілеймін!

«ОАЭК» АҚ құрылғаннан бергі 15 жыл ішінде орнатылған қуаттылықты арттыру, электр және жылу энергиясын өндірудегі шығарындыларды оңтайландыру, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді енгізу бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

«ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

Левин Тан

Толығырақ

Басқарма төрағасының үндеуі

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

15 жыл бұрын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС энергетикалық активтерін біріктіру жолымен еліміздегі ең ірі жеке энергетикалық холдинг құрылды. 2009 және 2011 жылдары-ақ компания капиталына Еуропалық қайта құру және даму банкі және Ислам Инфрақұрылымдық Қоры халықаралық инвесторлары кірді, бұл беделді қаржылық институттар «ОАЭК» АҚ акцияларының сәйкесінше 24,99% және 12,89% үлесіне ие болды. Халықаралық даму институттарының энергетикалық компанияның капиталына кіруі тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы бірегей оқиға болды.

2014 жылы Корпорация құрамына «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ активтері біріктіріліп, бұл Корпорацияның электр желілерінің ұзындығын 50 мың километрге дейін ұзартуға мүмкіндік берді. 2015-2020 жылдар аралығында қуаты 100 МВт болатын «Астана EXPO-2017» жел электр станциясы жобасы жүзеге асырылып, пайдалануға берілді.

Бүгінде «ОАЭК» АҚ екі миллионнан астам адамды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Осы жылдар ішінде Корпорацияның басты құндылығы адам капиталы болды және солай болып қала береді. Жоғары кәсіби қабілеттерге ие мамандарымыз «ОАЭК» тобында болып жатқан барлық даму және жаңғырту процестерінің тұрақты негізі болып табылады. Біз қызметкерлердің дамуын қолдауға бағытталған жүйелі саясатты жүргіземіз. 2016 жылдан бастап топтың кәсіпорындары PROFENERGY бағдарламасын жүзеге асыруда, оған 4000-нан астам студент қатысты. 1300-ден астам қызметкер білімін жетілдіру үшін бұл жобаның мүмкіндіктерін пайдаланды.

2023 жылы Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу науқаны Корпорация алдына бұрын-соңды қойылмаған міндет болды. Рекордтық мерзім – бар болғаны бір маусымда – станция толығымен жаңғыртылды: 8 қазандық күрделі жөндеуден өтті, тағы 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, станцияның бірқатар маңызды тетіктері, қосалқы жабдықтары, ғимараттары мен құрылыстары жөнделді. Екібастұз ЖЭО жұмысқа толықтай кірісіп, 2023-2024 жылыту маусымын штаттық режимде өткізді. Бұл жетістікке біз осы процеске атсалысқан адамдардың арқасында қол жеткіздік.

Қазіргі таңдағы жағдайға қарар болсақ, еліміздегі ең ірі энергетикалық холдинг ретінде бізді энергия тапшылығы мәселесі мен электр қуатын арттыруға деген шұғыл қажеттілік алаңдатпай қоймайды. Ағымдағы мәселелерді шешумен қатар, біз нақты техникалық, экологиялық, экономикалық және заңнамалық жағдайларды ескере отырып, өндірісті дамытудың жүйелі шараларын ойластырудамыз.

Барлық әріптестеріме және серіктестеріме бірлескен жұмыс, танытқан адалдығы мен кәсібилігі үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздің мақсатқа қол жеткізудегі жігеріңіз бен нәтижеге ұмтылысыңыз біздің компания үшін де, жалпы саланың дамуы үшін де берік негіз жасайды.

Сенім білдіргеніңіз және ортақ іске қосқан үлесіңіз үшін рахмет!

Ағымдағы мәселелерді шешумен қатар, біз нақты техникалық, экологиялық, экономикалық және заңнамалық жағдайларды ескере отырып, өндірісті дамытудың жүйелі шараларын ойластырудамыз.

«ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасы

Бағдат Орал

Толығырақ

Корпорация туралы

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы (ОАЭК) 2008 жылы 8 тамызда құрылды. «ОАЭК» АҚ акцияларының шығарылымы 2008 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі тарапынан тіркелді.

Миссия

Компанияның миссиясы тұтынушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өзі жұмыс істейтін аймақтардың экономикалық дамуы үшін жағдай жасауға негізделеді. Бұл мақсаттарға Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарындағы, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Астана қалаларындағы халықты, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, бюджеттік және коммерциялық ұйымдарды энергиямен қамтамасыз ету және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша сапалы қызмет көрсету арқылы қол жеткізіледі.

Көрсетілетін қызметтердің сапасы барлық техникалық талаптарға сай сенімділік пен үздіксіз электрмен жабдықтауды, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін білдіреді.

Компанияның тұрақты дамуының негізі оның қызметкерлері болып табылады, олардың құндылығы жоғары кәсібилігінде, командада жұмыс істей білуінде және нәтижеге жетуге бағытталуында жатыр.

Көрініс

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ – Қазақстанның жеке энергетикалық компанияларының ішінде көш басында.

Корпорация өз қызметін республиканың солтүстігінде өте ауыр климаттық жағдайларда жүзеге асырады.

Корпорация жеке бөлімшелердің (Топ кәсіпорындарының) қарқынын, икемділігін топты орталықтан басқарудың тұрақтылығымен, сенімділігімен үйлестіре отырып, холдингтік құрылымның артықшылықтарын табысты пайдаланып келеді.

Корпорация қызметкерлері – биік мақсаттарды бағындырып келе жатқан кәсіби мамандар командасы. Корпорацияның тұтынушылармен және жеткізушілермен орнатқан серіктестік қарым-қатынасы құрмет-ізет және өзара жауапкершілік негізінде құрылған.

Толығырақ

Бизнес-модель

Холдингтің бизнес-моделі бизнестің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету және тәуекелдерді әртараптандыру мақсатында вертикалды түрде интеграциялау қағидасына негізделген.

Капитал

Қаржылық капитал

46,043 млрд теңге

Жарғылық капитал

505 млрд теңге

Активтер

Өндірістік капитал

4 ЖЭО

987,01 км

Жылу желілері

4 өткізуші компания

48,4 мың км

Электр желілері

Зияткерлік капитал

Ellipse, Mobility, ЭКЕАЖ, ЭКЕАЖ, «Тезис» ӨТП АБЖ, биллинг, қазандық және турбоагрегаттардың ТП АБЖ, МАЖ ендірілген жүйелері

Табиғи капитал

Өндірістік қызметінің аясында Корпорация түрлі отынды (мазут және көмір), су ресурстарын және электр энергиясын, сондай-ақ ауа бассейнінің ресурстарын пайдаланады.

Әлеуметтік капитал

Корпорация өзі қызмет ететін өңірлердегі қоғамдастықтармен сенімгерлік қарым-қатынас орнатады және ірі жұмыс беруші және өнеркәсіптік сектордың маңызды буыны ретінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосады.

Адам капиталы

9 477 жұмысшы

821 жұмысшы

кадрлық резерв

32,9%

жоғары білімді

14,9%

кадр тұрақсыздығы

34%

кәсіподаққа мүше жұмысшылар үлесі

4 053 адам

PROFENERGY жас мамандарды қолдау бағдарламасына қатысады
Толығырақ

2023 жылғы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындылары

Электр және жылу энергиясын өндіру

Павлодар 2-ЖЭО

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 2-ЖЭО – «ОАЭК» АҚ энергия өндіруші активтерінің ішінде қуаты жөнінен үшінші орынға ие, ол қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарын, жергілікті қызмет көрсету нысандарын, сонымен қатар үй шаруашылықтарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Орнатылған жылу қуаты

332 Гкал/сағ

Орнатылған электр қуаты

110 МВт

Электр станциясы қондырғыларының құрамы:

- 5 қазандық агрегат;

- 3 турбоагрегат.


Ст. №1, №3 БКЗ-160-100 ауа жылыту қазандығының текшелерін қайта құру. Шара қазандық агрегат түйінінің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Павлодар 3-ЖЭО

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 3-ЖЭО – «ОАЭК» АҚ ең ірі энергия өндіруші активі.

Орнатылған жылу қуаты

1 154 Гкал/c

Орнатылған электр қуаты

555 МВт

Электр станциясы қондырғыларының құрамы:

- 6 қазандық агрегат;

- 6 турбоагрегат.


  • Күл үйіндісінің 1-кезегін қалпына келтіру. Шара қызметі аяқталған секцияның күл-қождарының беткі қабатын шаң басуын болдырмау мақсатында орындалды;
  • №1 түтін тұрбасына жұмыс істейтін қазандық агрегаттардың тартылыс бойынша шектеулерін алу және тұрбаға ст. №№5, 6 қазандық агрегаттарды және болашақта ст. №№7, 8 қазандық агрегаттарды қосу мақсатында №2 түтін тұрбасын салу;
  • Ст. №2 БКЗ-420-140 қазандық агрегатының ауа жылытқыш текшелерін қайта құру. Шара қазандық агрегаттың түйінінің тиімділігін арттыру мақсатында орындалды;
  • Ст. №2 турбоагрегаттың конденсаторын қайта құру. Шара турбоагрегаттың жалпы жұмысының, оның ішінде конденсациялық қондырғы жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған;
  • Ст. №5 турбоагрегаттың ұяшығында электр құрылғыларын қайта құру;
  • Ст. №5 қазандық агрегаттың ВЭК-1-ст. дайындау және ауыстыру;
  • Ст. №5 қазандық агрегаттың кубов ВЗП-12 дана (II ст.) жоғарғы текшелерін әзірлеу және ауыстыру.

Екібастұз ЖЭО

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Екібастұз ЖЭО – «ОАЭК» АҚ энергия өндіруші активтерінің ішінде қуаты жөнінен төртінші орынға ие.

Орнатылған жылу қуаты

750 Гкал/сағ

Орнатылған электр қуаты

12 МВт

Электр станциясы қондырғыларының құрамы:

- 10 қазандық агрегат;

- 1 турбоагрегат.


  • №6 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу;
  • №7 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу;
  • №11 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу;
  • №12 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу;
  • №13 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу;
  • №14 қазандық агрегатқа күрделі жөндеу;
  • №5 қазандық агрегатқа ағымдағы жөндеу;
  • Жалпыстанциялық және қосалқы қондырғыларды жөндеу;
  • Су жылыту қазандығының ғимаратында қуаттылығы сағатына 1250 текше метр үш жаңа сорғыны орната отырып, желілік судың құбыр өткізгіштерін қайта құру;
  • Қазандық-турбиналық цех ғимаратын қайта құру аяқталды;
  • Тұз көлі табанындағы күл үйіндісінің №2 секциясын қайта құру бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Петропавл 2-ЖЭО

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО – «ОАЭК» АҚ ірі энергия өндіруші активі.

Орнатылған жылу қуаты

713 Гкал/сағ

Орнатылған электр қуаты

541 МВт

Электр станциясы қондырғыларының құрамы:

- 12 қазандық агрегат;

- 7 турбоагрегат.


  • №11 қазандық агрегатты күрделі жөндеу;
  • №1 турбоагрегатты қайта құру бойынша жұмыстар басталды;
  • Қазандық цехтің бас корпусының ғимаратын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді;
  • Ст. №2 қазандық агрегатты бу өнімділігін 240 т/сағатқа дейін арттыра отырып, қайта қүру жұмыстары басталды.
  • №2,3 түтін тұрбаларын жөндеу жұмыстары орындалды.

Электр желілік нысандарды қайта құру

2023 жылы инвестициялық бағдарламалар аясында жалпы ұзындығы 44,1 км болатын 0,4–10 кВ электр желілерін салу, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары орындалды:

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭТК» АҚ – 19,9 км өздігінен оқшауланған өткізгіш

«Павлодар ЭТК» АҚ-нда - 24,2 км.

Жылу желілерін қайта құру

2023 жылы ұзындығы 1,27 км алдын ала оқшауланған құбырларды пайдалана отырып, жылу құбырларын салу және қайта құру жұмыстары аяқталды:

Павлодар – 0,25 км

Петропавл – 1,02 км.

Толығырақ

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер

«ОАЭК» АҚ Тобының 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес әзірленді және еншілес кәсіпорындардың сатып алынған уақытынан бергі қаржылық есептіліктерінен тұрады. Есеп саясатының қағидалары Топ кәсіпорындарының бәріне бірегей. Басты қаржы-экономикалық көрсеткіштері операциялық және қаржылық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігін, сондай-ақ, «ОАЭК» АҚ стратегиялық дамуының негізгі бағыттары орындалғанын көрсетеді.

2021-2023 жылғы негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер, млн теңге

Көрсеткіштер 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
Негізгі қызмет табыстары 139 734 148 382 191 553
Өзіндік құн -106 209 -120 782 -159 228
Жалпы пайда 33 525 27 600 32 325
Кезең шығындары -11 130 -12 448 -15 014
Операциялық қызметтен түскен пайда 22 396 15 153 17 310
Бір жылғы жалпы EBITDA* 44 336 45 432 47 726
Бір жылғы жалпы EBITDA, айырма % 31,73% 30,62% 24,92%
Қаржылық шығындар, нетто -23 599 -34 090 -29 680
Құнсызданудан болған шығындар -84 250 -1 959 1 630
Курс айырмасынан болған табыстар (шығындар) -1 799 -11 349 23 921
Өзге табыс (шығын), нетто 5 069 -2 288 -4 832
Табыс салығы бойынша шығыстар 11 957 4 856 -3 635
Бір жылғы пайда (шығын) -70 227 -29 677 4 714
Тоқтатылған қызмет шығындары 10 047 0 0
Негізгі жабдықтарды қайта бағалау 69 325 -7 653 32 364
Бір жылғы жиынтық табыс (шығын) 9 145 -37 330 37 077
Активтер 504 785 475 229 504 606
Капитал 179 229 115 431 157 282
Негізгі жабдықтар бойынша капиталды шығындар, ҚҚС-сыз 14 025 16 803 23 990
Толығырақ

Қондырғыларды қайта құру және жаңғырту бойынша 2024 жылға жоспарлар

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2024 жылы өндірісті арттыруға, электр және жылу энергиясын беру кезінде шығындарды азайтуға және қызметтің экологиялық параметрлерін жақсартуға бағытталған қондырғыларды жаңғырту бойынша бірқатар шараларды жалғастыру жоспарланып отыр.

Даму бойынша алдағы үш жылға (2025-2028) негізді болжамдар

2025-2028 жылдары инвестициялық бағдарламалар аясында ЖЭО бойынша келесі негізгі шараларды орындау жоспарланып отыр:

Павлодар 3-ЖЭО

- №2, №3 тұндырғыштарды ауыстыру;

- БКЗ-420-140 ст. №1-6 қазандық агрегаттар эмульгаторларының айналдырғыштары мен тамшыжинағыштарын қайта құру;

- БКЗ-420-140 ст. №1-6 қазандық агрегаттарының ауа жылытқыш текшелерін қайта құру;

- БКЗ-420-140 ст. №4, №6 қазандық агрегатының төбелік бу жылытқышын қайта құру;

- 3-ЖЭО күл үйіндісінің 3-кезек бірінші іске қосу кешенінің бөгетін биіктету.

Павлодар 2-ЖЭО

- 2-ЖЭО №1 турбоагрегатын ауыстыру

- БКЗ-160-100 №№1-5 қазандық агрегаттар эмульгаторларының айналдырғыштары мен тамшыжинағыштарын қайта құру;

- БКЗ-160-100 ст. №№1-5 қазандық агрегаттарының ауа жылытқыш текшелерін қайта құру;

- БКЗ-160-100ФМ №№2,3 қазандық агрегаттарының барабандарын ауыстыру;

- 2-ЖЭО күл үйіндісінің 2-кезегін қалпына келтіру;

2-ЖЭО күл үйіндісінің 3-кезегінің 2-іске қос кешенін салу

2-ЖЭО багерлік сорғысын қайта құру.

Петропавл 2-ЖЭО:

- №2 қазандық агрегатты қайта құру;

- №1 қазандық агрегатты қайта құру;

- Жылу қуаттылығын беру сызбасын қайта құру;

- №6 бойлер қондырғысының негізгі бойлерлерін (үш дана) ауыстыру;

- Ортақ газ өткізгішті қайта құру (қазандық агрегаттарды жаңа түтін тұрбасына және №3 түтін тұрбасына қосу мақсатында);

- №2 күл үйіндісінің (ІІІ кезек) №3 секциясының қоршау бөгеттерін биіктету;

- №4 күл үйіндісін салу;

- 2-ПЖЭО отын беру бөлігін қайта құру;

- ОРУ-220 кВ қайта құру;

- 2-ПЖЭО ғимараты мен құрылыстарын күрделі жөндеу.

2025-2028 жылдары жылу желілері бойынша инвестициялық бағдарламалар аясында келесі негізгі шараларды жүзеге асыру жоспарланған:

«Павлодар жылу желілері» ЖШС

- Павлодар қаласында НО-52 - НП-6 учаскесінде ТМ-20 жылу магистралін өткізу қабілетін (Ду1000 дейін) арттыра отырып қайта құру, 0,830 км;

- №1 турбоагрегатты қайта құру;

- ОНС-1А салу;

- Павлодар қаласында ОТП-69 қайта құру;

- Павлодар қаласында НО-21-ден ОТП-58-ге дейін жылу желілерін қайта құру;

- Сенімгерлік басқару шарты аясында кварталдық жылу желілерін қайта құру.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС ұзындығы 3,387 км магистральды құбыр желілерін қайта құруды жоспарлап отыр, оның ішінде

- Ружейников көшесі бойынша УН-6-10-нан ТК-6-14-ке дейін ұзындығы 1,254 км ТМ№6 2Ду400-2Ду500мм қайта құру;

- Алматы көшесі бойынша ТК-8-01-ден ТК-7-09А-ға дейін ұзындығы 0,514 км №7-18 2Ду500мм жылу магистралін қайта құру;

- УН-9-01-ден до ТК-9-08-ге дейін ұзындығы 1,350 км №9 2Ду400мм жылу магистралін қайта құру;

- ТП1-19с-тен ТК-1-20-ға дейін №1 2Ду600мм жылу магистралін қайта құру.

2025-2028 жылдары электр желілері бойынша инвестициялық бағдарламалар аясында келесі негізгі шараларды орындау жоспарланған:

«ПЭТК» АҚ

- Павлодар қаласында ПС 110/35/6 кВ «Южный водозабор» шағын станциясын, Павлодар қаласында 35/6кВ «Береговая» шағын станциясын, Ақтоғай ауданында ПС 110/35/10кВ шағын станциясын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

- 220/110/10кВ «Промышленная» шағын станциясының РЗА және 110кВ ұяшықтарын қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары;

- ПС 110/10кВ «Центральная-городская», ПС 110/35/6кВ «Южный водозабор», ПС 35/6кВ «Береговая», ПС 110/35/10кВ «Краснокутская» шағын станцияларын қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары;

- Железинск ауданында ВЛ 35-110кВ: ВЛ 35 кВ № 58 «Железинка-2 – Моисеевка (14,1км) әуе желісін, Тереңкөл ауданында ӘЖ 35 кВ № 51 «Качиры-2 – Бобровка» (42,67 км) әуе желілерін салу/қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;

- ӘЖ 35-110кВ қайта құру/салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары:

1. Баянауыл ауданында ӘЖ-110кВ С-137 «Майқайың-64-Баянауыл» (39,36 км);

2. Ақтоғай ауданында ӘЖ-35 кВ № Т-24 «Ивановка - Новотроицкаядан» 35/0,4кВ «Қырық үй» шағын станциясына ӘЖ 35 кВ қосу;

3. Железинск ауданында ӘЖ 35 кВ № 58 «Железинка-2 – Моисеевка» (14,1 км);

4. Тереңкөл ауданында ӘЖ 35 кВ № 51 «Качиры-2 – Бобровка» (42,67 км);

- Павлодар және Успен аудандарында жалпы ұзындығы 29,0 км 35 кВ № 63 «Ольгино-Тимирязево» әуе желісін салу;

- Успен, Май, Железинск, Тереңкөл, Павлодар және Ақсу аудандарында күзет-өрт дабыл жүйесін орнату;

- ұзындығы 146 км 0,4–10 кВ электр желісін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлей отырып салу, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру;

- 126 бірлік ғимараттар мен құрылысты қайта құру;

- 1684 автоматтандырылған техникалық есеп есептегішін орнату;

- 946 бірлік технологиялық жабдықтар, арнаулы механизмдер және өзге де негізгі жабдықтарды сатып алу.

«СҚ ЭТК» АҚ

- Петропавл қаласы мен облыс аудандарында 110/35/10 кВ шағын станцияларында ОРУ-35-110 кВ қайта құру;

- Петропавл қаласында 110/10 кВ № 5 шағын станциясында, Жамбыл ауданы 110/35/10 кВ «Пресновка» шағын станциясында, Мамлют ауданы 110/35/10 кВ «Новомихайловка» шағын станциясында ЗРУ-10 кВ қайта құру;

- ӘЖ-35 кВ «Тимирязево-Б.Хмельницкого» қайта құру -10 км;

- ӘЖ-35-110 кВ оқшаулағыштарын ауыстыру - 40 000 дана;

- ШС 220/110/35/10 кВ күштік қондырғыларын қайта құру - 4 ШС;

- 0,4 кВ электр желілерін қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру - 150,0 км;

- Петропавл қаласында ТП 10/0,4 кВ қондырғылары мен ғимараттарын қайта құру - 15 дана;

- Петропавл қаласы бойынша жедел-диспетчерлік қызметте «SKADA» жүйесі автоматтандырылған диспетчерлік басқармасының құрылымын құру;

- энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру бойынша шараларды орындау;

Негізгі жабдықтарды сатып алу (арнаулы автотранспорт, электр өлшеу құралдары).

«АЭҮК» АҚ

- ШС-35 кВ және одан жоғары ШС техникалық жаңғырту - 37 дана;

- Ұзындығы 275,6 км болатын ӘЖ 35 кВ және одан жоғары ӘЖ салу және жаңғырту, оның ішінде:

- ӘЖ–110 кВ «Қорғалжын-Краснознаменка» - 81,6 км;

- ӘЖ–110 кВ «ЦГПП-Батыс» - 3 км;

- ӘЖ–110 кВ «Журавлевка-Жалтыр» - 39,6 км;

- ӘЖ-110кВ «Урман-Краснознаменка» - 55,5км;

- ӘЖ-35кВ «Сабынды-Мәншүк Мәметова» - 29,8км;

- ӘЖ-35 кВ «Карамышевка-Колоколовка» - 53,9 км;

- ӘЖ–35 кВ «Мәметова-Шалқар» - 12,2 км;

- 203,731 км 0,4-10 кВ желілерін техникалық жаңғырту, 111 дана жаңа КТПН орнату.

Толығырақ

Корпоративтік басқару

«ОАЭК» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанады. Қоғамның қызметі барлық тараптардың, атап айтқанда инвесторлардың, акционерлердің, қызметкерлердің және Компанияның лауазымды тұлғаларының мүдделерін теңгерімді есепке алуға негізделген.

Компанияның Директорлар кеңесі стратегиялық мақсаттарды айқындайды және қызметтің мониторингі үшін қажетті тетіктерді, соның ішінде кәсіпорын қызметінің тұрақты мониторингін және бағалауын жүргізеді. Директорлар кеңесінің құрамына Компаниямен үлестес емес тәуелсіз директорлар кіреді.

Акционерлердің жалпы жиналысы

Корпорацияның жоғарғы басқарушы органы – Акционерлердің жалпы жиналысы. Акционерлердің Корпорация Жарғысында айқындалған өз құқықтарын жүзеге асыруының негізгі тәсілі – олардың акционерлердің жыл сайынғы жиналысына, сондай-ақ, Директорлар кеңесіне Атқарушы органның бастамасымен өткізілген кезектен тыс жиналыстарға қатысуы болып табылады.

Ұйымдық құрылым

Толығырақ

Акционерлік капитал құрылымы

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «ОАЭК» АҚ-ның жарғылық капиталы 46 043 272 мың теңгені құрады. «ОАЭК» АҚ акционерлері: Клебанов Александр Яковлевич (47,1 %), Кан Сергей Владимирович (47,1%), KIF ENERGY S.a.r.l. — 4,02%, «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ — 1,78%.

Дивидендтер туралы ақпарат

Корпорацияның дивиденд төлеуді есептеу, жариялау тәртібі, көлемі, түрі мен мерзімдеріне қатысты саясаты Корпорацияның Жарғысында және «ОАЭК» АҚ Дивидендтік саясаты туралы ережеде анықталған.

2023 жылы Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында «ОАЭК» АҚ акционерлеріне 2022 қаржылық жыл үшін дивиденд төлемеу туралы шешім қабылданды.

Толығырақ

Директорлар кеңесінің құрамы

Тен Левин

Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор

ОРАЛ
БАҒДАТ ЕРКЕБҰЛАНҰЛЫ

Директорлар кеңесінің мүшесі

Нигай
Александр Данилович

Директорлар кеңесінің мүшесі

Кайзер
Франц-Йозеф

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Лашкул
Игорь Сергеевич

Директорлар кеңесінің мүшесі

Табанов
Эльдар Рашитович

Директорлар кеңесінің мүшесі

Керр
Манфред-Йозеф

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Атқарушы орган

Ұжымдық басқарушы орган Басқарма болып табылады, оны Корпорацияның ағымдағы қызметіне басшылық ететін, Акционерлер мен Директорлар кеңесі айқындаған стратегияны жүзеге асыратын Басқарма төрағасы басқарады.

Басқарма қызметінің негізгі қағидаларына Акционерлер мүдделерін мейлінше сақтау, адалдық, ақ ниеттілік, білімділік, қырағылық жатады.

Орал
Бағдат Еркебұланұлы

«ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасы

Перфилов
Олег Владимирович

«ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары

ЛИ
СЕРГЕЙ ВАЛЕРЬЕВИЧ

«ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Толығырақ

Ішкі бақылау және аудит

Корпорацияда бизнес-процестерді жетілдіру және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылау механизмдері жолға қойылған. Ол жүйелі, барлық деңгейдегі стратегиялық және оперативті басқарумен біріктірілген механизм, барлық бөлімшелердің өз функцияларын жүзеге асыру процестерін қамтиды.

Корпорация бақылаудың барлық деңгейінің, оның ішінде қаржылық және операциялық бақылаудың, заңдар мен ережелердің сақталуының сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесіне ие.

Сыртқы аудит

«ОАЭК» АҚ тобының қаржылық есептіліктеріне сыртқы аудит жүргізетін компания «Deloitte» ЖШС болып табылады. Аудиторлық қызмет көрсету бойынша шарт компаниямен 2024 жылға дейін жасалды.

Толығырақ

Тәуекел-менеджмент және тұрақты даму

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі

«ОАЭК» Компаниялар тобында тәуекелдерді басқарудың корпоративті жүйесі (бұдан әрі - ТБЖ) әрекет етеді.

2022 жылы «ОАЭК» АҚ-нда Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін дамыту және жетілдіру стратегиясы қабылданды. Қабылданған Даму стратегиясын жүзеге асыру аясында «Ұйымның тәуекелдерін басқару. Қызметтің стратегиясы және тиімділігімен біріктіру» COSO концепциясының қағидалары және «Тәуекел менеджменті. Қағидалар және басшылық» ISO 31000-2018 стандартының негізінде Директорлар кеңесінің шешімімен Компаниялар тобында Тәуекелдерді басқару саясаты өзектендіріліп, бекітілді.

Толығырақ

Мүдделі тараптармен өзара қызмет

«ОАЭК» АҚ барлық мүдделі тараптармен өзара қызмет тиімділігін арттыру және кеңейту бағытындағы кешенді шараларды келесі корпоративтік тәртіп қағидаларына сүйеніп жүзеге асырады: ашықтық, шынайылық, Корпорация қызметі туралы ақпараттың толық болуы, барлық мүдделі тараптардың мүдделерінің толық ескерілуі, мұндай мүдделер пайда болған жағдайда оларға жедел жауап беру.

Корпорацияның мүдделі тараптарына келесі аталған топтар жатады:

  • 1. Жұмысшылар
  • 2. Кәсіподақ
  • 3. Жергілікті қоғамдастықтар
  • 4. Билік органдары
  • 5. Бақылау органдары
  • 6. Жеткізушілер, мердігерлер, клиенттер
  • 7. ЖОО, колледждер, жұмыспен қамту орталықтары
  • 8. БАҚ
  • 9. ҮЕҰ

ОАЭК» АҚ тәуекелдерді төмендету мақсатында барлық мүдделі тараптармен өзара қызмет тиімділігін арттыру және кеңейту бағытындағы кешенді шараларды жүзеге асырады. Корпорация.

Коррупцияға қарсы әрекет

«ОАЭК» АҚ Компаниялар тобында Директорлар кеңесі бекіткен Коррупция және алаяқтыққа қарсы әрекет саясаты бар. Ол Корпорацияның бұл саладағы негізгі ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Саясат Корпорация басшылығының коррупцияны кез келген формада болмасын қабылдамау бойынша бірыңғай этикалық стандарт қалыптастыруына негізделеді.

2023 жылы коррупция не алаяқтық оқиғасы тіркелген жоқ.

Қоршаған ортаны қорғау

Қызмет ету аймағында Корпорация энергия және жерасты отын түрлерін өндіру саласына тән қоршаған ортаға теріс ықпалды үздіксіз төмендетуге ұмтылады.

Бұл үшін Корпорация өзінің өндірістік активтерін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, өзінің еншілес компанияларында экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму деңгейін арттырады.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасы қолданыста болған кезеңде (2009-2015 жж) Корпорация негізгі өндірістік жабдықтар мен табиғат қорғау бағытындағы қорларды жаңғыртуға қомақты инвестиция тартты. Корпорацияның барлық қазандық агрегаттарында күл аулау, тазалау құрылғылары жаңғыртылып, азот оксидінің эмиссиясын төмендету тәсілдері енгізілді. Қалдықтарды көмуге арналған полигондардың жаңа секцияларын салу кезінде экожүйенің құрамдас бөліктерінің ластануының алдын алатын әлемдік технологиялар мен материалдар қолданылады.

Есептік кезеңде Корпорация Петропавл 2-ЖЭО-нда және Екібастұз ЖЭО-нда штаттан тыс жағдай салдарларын жою және технологиялық жабдықтарды жаңғырту жұмыстарымен, Павлодар 3-ЖЭО-нда және Петропавл 2-ЖЭО-нда жаңа түтін тұрбасын салу жұмыстарымен айналысты.

Толығырақ

Адам ресурстарын дамыту

Құрылым және саны

Корпорация қызметкерлерінің сандық құрамы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тұрақты, 9 477 АДАМДЫ құрады.

Сандық құрамның өзгеру динамикасы, адам

«ОАЭК» АҚ кәсіпорындары бойынша 2023 жыл соңындағы сандық құрамның бөлінісі

Компания атауы Саны
«ОАЭК» АҚ 110
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» кәсіпорындар тобы 4 695
«СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындар тобы 2 144
«АЭҰК» кәсіпорындар тобы 2 528
Барлығы 9 477
Толығырақ

Кадрлық резерв

Түрлі деңгейдегі басқарушылық лауазымдарды толтыру үшін қажетті резервті қалыптастыру мақсатында «ОАЭК» АҚ-нда 821 басшыдан құралған жоғарғы, орта және бастапқы басшылық буындарының кадрлық резерві қалыптасқан.

Жас мамандарды тарту және қызметкерлерді дамыту

2016 жылдан бері «ОАЭК» АҚ еншілес ұйымдарында жас мамандарды қолдау және қызметкерлердің білім деңгейін арттыру бойынша «PROFENERGY» жобасы жүзеге асырылады. Бағдарлама оқу орындары түлектерін кәсіпорындардың негізгі/қат мамандықтарына тартуға, қызметкерлердің білім деңгейін дамыту мен көтеруге, негізгі қызметкерлерді ұстап қалуға бағытталған. Корпорация кәсіпорындары өзі қызмет ететін өңірлерде ЖОО және колледждермен әріптестік орнатқан. Жоба жүзеге асырылған жылдар ішінде бағдарламаға 4 053 студент қатысты.

Толығырақ

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар -

өндірістегі оқыс жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу (0 жағдай), еңбекті қорғау деңгейін арттыру болып табылады. Топ апатсыз өндірістік қызметті, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін өз жауапкершілігін түсінеді және Топ қызметкерлерінің, мердігерлерінің және келушілерінің ауыр немесе өлімге әкеп соқтыратын өндірістік жарақаттарға әкелуі мүмкін тәуекелдерге мүлдем төзбейді.

Толығырақ

Байланыс ақпараты

Пікір, ұсыныс жазу үшін, болмаса сұрақ қою үшін көрсетілген байланыс ақпаратын қолданыңыз. Біз кері байланысқа қуаныштымыз.

Мекен-жай: Астана қ., Достық көшесі, 2, "SAAD" БО, 12-қабат

Email: info@energy.kz

Корпоративтік сайт: caepco.kz

Есептің толық нұсқасы